Кентау қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, партия филиалының қолдауымен жастар орталығы ғимаратында жалынды жастық шақтың мерекесі - "17 қараша - Халықаралық студенттер күні" қарсаңыңда қаламыздағы орта арнаулы оқу орындары арасында "AMANAT" партиясы Кентау қалалық филиалының кубогына арналған "Жас келсе іске" тақырыбында Жайдарман ойыны өтті.Жайдарман ойынының мақсаты, жастардың жан - жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бір - бірімен достық қарым - қатынасын нығайту болып табылады. Ойынға "Кентау колледжінен" "Мед Stars" командасы қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді.
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/586-zhajdarman.html#sigFreeIdcdbbecbff9