“Кентау колледжі” директоры К.А.Жумабаева және “Кентау колледжі” директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Х.К.Оналбекова білім алушыларды студенттер күнімен құттықтап, сынақ кітапшаларын табыстады.
Колледж директоры К.А.Жумабаева белсенді студенттерді арнайы мақтау қағазымен марапаттап, студенттерге сәттілік тіледі.
Халықаралық студенттер күні. Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырып, естен кетпес естеліктер мен қуаныштарға толы болсын.
Кентау каласа «Жастар ресурстық орталығында” Халықаралық студенттер күніне орай "Студенттік өмір деген-игі өмірдің бастауы" атты мерекелік іс-шарасы өтілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.
Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.
Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!