Кентау колледжі “Өзін-өзі басқару ұйымы” мүшелері Кентау қалалық “Жастар ресурстық орталығында” 5-қазан Ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара барасында колледж білімалушылары өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарды мерекесімен шын жүректен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
“Жастар ресурстық орталығы” басшысы С. Бақытұлы Кентау колледжі ұстаздар қауымына өз жылы лебізін білдірді, сонымен қатар колледж директоры К.А. Жумабаева ұстаздарды құттықтап алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!