Бүгін Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында Кентау колледжінде «Бүгінгі қыз - ертеңгі ана» тақырыбында қыздар арасында кездесу өтті. Кездесуді Аналар кеңесінің төрайымы Кривенцова Маржан Қазыбайқызы ашып жүргізіп отырды. Кездесуге сүйемелдеу орталығының маманы Е.Сержанов, қалалық полиия бөлімінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспектры, полиция лейтенанты А.Абдукадырова, жастар ресурстық орталығының психолог маманы Қ.Закирбаева Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының маманы А.Құрманбаева, Кентау колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Моминова мен студент қыздары қатысты . Кездесуде әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығының жұмысы, ерте жүктіліктің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екендігі жөнінде, отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері мен қауіп қатері тақырыптарында кеңінен түсіндірілді.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!