"Ардагерлерді ардақтайық".

Кентау колледжі ерікті жастары 1-қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай қаламыздың ардагерлері Дуйсенова Рабиға Бейсенбиевна мен Дарменбоева Қизжан апалармызды мерекемен құттықтап қайтты.

Құрметті ардагерлер! Сіздерді 1-қазан Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Болыңыздар амандықта қарттарым,

Шырқалып бұл әрқашанда тәтті әнің.

Қазыналы қарттарым сен аман бол,

Гүлдей жайнап құлпырып бұл бақтарың.

Қарттар күні бар бақытын сыйласын,

Жаратқаным жар боп әркез лайым.

Қазыналы қарттарым сендер барда,

Күлімдейді аспанымда күн, айым.

Әрбір үйдің қазынасы сіздерсіз,

Бақ-береке сіздерменен орнайтын.

Қарттар күні қуаныштар көбейіп,

Сәттіліктер көптеп болсын жалғайтын...


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!