Кентау колледжінде Саналы ұрпақ клубының жетекшісі А.Шарипбекова барлық топтарға “Парасаттылық адал ұрпақтың айнымас серігі” атты адалдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Өскелең ұрпақты қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адал еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыру, жаңа заман өскелең ұрпақты білімімен қатар адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами құндылықтарды да бойына сіңіру.

Адалдық сағат соңында біліммен қаруланған, ақыл-парасаты толысқан, адал ұрпақ барда Қазақстанның келешегі жарқын болатындығына сеніміміз мол. Сіздерді елі үшін аянбай еңбек ететін, қызмет пен мансап қуалаудан бұрын - ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар шығады деген сеніммен адалдық сағатын қорытындылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!