12.09.2023ж. күні Кентау қалалық ПБ-нің ЖПҚ ЮПТ аға УПИ полиция капитаны Н.Парманов, ДТІЖО Э.Б.Моминованың қатысуымен ЖШС «Кентау колледжі» барлық топ студенттеріне кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен әлімжеттіктің алдын алу, ұрлық қылмыстарының алдын-алу, түнгі мезгілде көшеде жүру бойынша “Болашағың бұлыңғыр болмасын десең...” атты тақырыпта жасөспірімдердің арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп өтті. Құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды.Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/556-zhshs-kentau-kolledzhi.html#sigFreeIdce8c3d2220