•Студенттік парламент «Өзін өзі басқару ұйымы» ережелері мен міндеті, жұмыс тәртібі мен талаптарын анықтайды және жұмыс жасау жүйесі үшін ұсынылады.Студенттік парламенттің мақсаты: жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру, өз Отанын шынайы сүюге, азаматтық патриотизмге баулу, Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу, жастардың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру.

•2023-2024 оқу жылында колледж Студенттік парламент «Өзін өзі басқару ұйымы» президенті болып, Е-22У-1 тобының студенті Жүніс Ғалия сайланды. Білім министрі болып Е-21-1 тобының студенті Жұмашбайқызы Нұрәсем. Тәртіп министрі М-21-1 тобының студенті Атажанова Юлдуз. Ақпараттық талдау және қоғамдық даму министрлері болып М-22-1, М-22-2 топтарының студенттері Усейнова Аделя, Жұмаш Арман. Спорт министрі Е-21-2 тобының студенті Қызырбек Нұрдаулет. Мәдениет министрлері болып Фр-22-1, М-22-2 топтарының студенттері Дәулет Жандос, Ахметова Диана тағайындалды.

•Студенттік парламент «Өзін өзі басқару ұйымы» колледж білім алушыларына жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.