Бүгін колледжде «1 қыркүйек - білім күні» мерекесіне арналған “Әділетті Қазақстан:сапалы білім,адал ұрпақ,табысты ұлт” тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік рәміздері ұлықтаудан бастау алып, әнұран шырқалды. Салтанатты жиын қонақтары: білім алушылардың ата-аналары, оқытушылар.
Салтанатты жиынды ашу рәсімі колледж директоры Жумабаева Карлыгаш Амангельдыевнаға берілді. Колледж директоры жаңа оқу жылына түскен білімалушыларына жылы лебізін білдіре отырып, барша білім алушыларды білім күнімен құттықтады. Сонымен қатар жиын қонақтарына, ата-аналарға құттықтау сөз берілді.
Құрметті ата – аналар, білімалушылар, ұстаздар баршаңызды бүгінгі 1-қыркүйек Білім күнімен құттықтаймыз!! Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін толағай табыстар тілейміз!!!
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/547-1-yrk-jek-bilim-k-ni.html#sigFreeId008cdbfb9b