30  маусым күні, Кентау қалалық "Жастар ресурстық орталығында"  Кентау колледж бітіруші түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты  жиынға студент жастар, оқытушылар, ата-аналар қатысты.

Шараның шымылдығын Кентау колледж директоры Жумабаева Карлыгаш Амангельдыевна  және "Жастар орталығының" басшысы С.Бақытұлы ашып, жас түлектерге ақ жол тіледі.

Кентау колледж директоры Жумабаева К.А. бітіруші түлектерге диплом табыстады.

Іс-шара барысында колледж қабырғасында жақсы оқығаны үшін, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін бірнеше түлек колледж директорының арнайы дипломымен марапатталды.

Перзентінің бәсекеге қабілетті мамандық иесі атануына үлесін қосып, қазақ елінің дамуы мен гулденуіне, жас ұрпақтың отаншылдық рухын көтеру, бойына білім нәрімен тәрбие беруде өзіндік үлестерін қосқаны үшін ата-аналарына алғыс хат берілді.

«Сәт сапар, жас түлек!» атты диплом тапсыру кеші концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жас түлектер сіздерді диплом иегері атануыңызбен шын жүректен  құттықтаймыз.

Тәуелсіз Қазақстанның жас патриот азаматы ретінде еліміздің дамуы үшін Елбасымыздың алға қойған  барлық мақсаттарын жүзеге асыру жолында , алған білім мен тәжірибеңіз арқылы аянбай еңбек етіп , білікті маман ретінде Елдің қарқынды дамуына, Денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосады деген сенімдеміз.

Құттықтаймыз!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!