Кентау колледжі білімалушыларна «Серпін-2050 мәңгілік ел жастары-индустрияға» бағдарламасына бөлінген мемлекеттік гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарын Кентау қалалық "Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы Азат Сұлтан  Бақытұлы, Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Жамал Ерлан Бахытжанұлы, Кеңесші Тілепбай Ардақжан Әбдіғаниұлы, Қоғаммен байланыс жөніндегі инспектор Абильханова Айжан Турсунбековна жүргізді.

Кездесу барысында студенттерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары, сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін түрлі үйірмелерге шақырды және «Жасыл ел» бағдарламасы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!