Кентау колледжінің “Саналы ұрпақ” мүшелері "Кентау қалалық орталық кітапханасында” 4- маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған "Туған жерім-менің Қазақстан" атты патриоттық форумға қатысып, туған жерге, рәміздерге арналған жыр шумақтарын оқыды. Форумға шақырылған қонақтар студенттерге Әнұран, Ту, Елтаңбаның шығу тарихы туралы, Туған Жерімізді қадірлеу жайында әңгіме қозғады. Мемлекеттік рәміздер- бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!