Сайыстың мақсаты:

-студенттерді мамандығына деген құзыреттілікті қалыптастырып, халықаралық стандарттарға негізделген кадрларды кәсіби мамандыққа дайындау;

-студенттер пациенттің қажетті факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларды, ішкі ағзалар ауруларының алдын алуындағы, мейіргерлік үрдісте емдеу-диагностикалық іс-шараларды орындау кезіндегі, мейіргердің рөлін анықтау.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

I-кезең. «Өзімді таныстыру және менің мақсатым»

II-кезең. «Мейірбикелік технологияларды қорғау» (ұяшықтарды таңдау)

III-кезең. «Көк тамырға ине егу іс-әрекеттерін уақытқа орындау»

IV-кезең.  «Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсету»- клиникалық жағдайларда симуляциялық станцияларында шұғыл көмек көрсету дағдыларын орындау.

Сайыскерлердің біліктілігін, тәжірибелік дағдылары бағаланып «Ең үздік мейірбике», «Рутинер мейірбике», «Шұғыл көмек көрсету мейірбикесі», «Ең креативті мейірбике», «Ең жылдам мейірбике», «Мейіргер ісінің үздігі» номинацияларымен марапатталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!