Кентау колледжінің ерікті жастарымен Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-нің Кентау қалалық филиалымен бірге қаламыздың Тыл еңбек ардагері Абдужалилова Манзура апамыздың шаңырағында болып, 9-мамыр Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтады.

Манзура анамыз 1938 жылы 05 мамырда дүниеге келген, биыл жасы 85 жасқа толып отырған анамызға құрмет гүлімен сыйлықтар табысталып, туған күніне құттықтау лебіздерін білдірілді.

Колледжіміздің ерікті жастары қазыналы ардагер Анамыздың насихат сөздерін тыңдап, ақ батасын алып қайтты.