Төтенше жағдайлар департаменті Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жоспарға сәйкес, Кентау колледжінің екінші ғимаратында төтенше жағдай өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен эвакуациялау туралы колледж оқытушылары мен білімалушыларына оқу түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу керек? Ең бірінші сабырлық сақтап, ойды жинақтап, іс әрекетті жоспарлау, ойластырылмаған қадамдарға бармау.Әрекет етудің өзіндік жоспарын құру, бәрін бүге- шігесіне дейн тәптіштеуге тырыспай, мейлінше жалпылама нәрселер болу керектігін , эвакуация бойынша практикалық іс - шара өткізілді.