Оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау мақсатында ЖШС «Кентау колледжі» және Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 07 сәуір күні «Химия-биология» пәндерінен 9 сынып оқушыларына арналған қалалық олимпиада ұйымдастырылып өтті.

14 сәуір күні қалалық олимпиаданың жеңімпаздарына марапаттау рәсімі өтілді.

I орын-Мұтәлі Маржан, М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясы.

II орын-Мырзахмет Айназ, М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясы.

II орын-Бейсенбек Каусар, Ә.Бөкейханов атындағы №23 ЖОМ.

III орын-Нағашбек Құралай, М.Горький атындағы №8 ЖОМ.

III орын-Насреддин Зейніл, Ы.Алтынсарин атындағы №1 ЖОМ.

Олимпиада жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдарымен және Кентау колледжіне түсуге жолдама және оқу төлем ақысына 5%, 10% , 15% жеңілдік сертификаттарын колледж директоры К.А.Жумабаева марапаттап өтті.