2023-2024 оқу жылына Кентау қаласына қарасты мектептерге кәсіби бағдар беру және болашақ талапкерлерді колледжбен, оның оқытушыларымен, қабылдау ережелерімен, мамандықтарымен және болашақ мамандығы бойынша білім алу ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында 2023 жылдың 14 сәуірінде мектептің 9-11 сынып түлектеріне «Ашық есік күні» іс-шарасы өтілді.

Ашық есік күніне қатысқан барлық қатысушылар колледж қызметінің заманауи білім беру жүйесіндегі түрлі аспектілері туралы ең толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие болады.

«Ашық есік күні» бағдарламасы:

1.«Химия-биология» пәндерінен өтілген қалалық олимпиадасының нәтижесі және марапаттау рәсімі.

2.Мамандықтардың презентациясы.

3.Колледж ғимаратына экскурсия.

4.Медицина қызметкерлерінің киім үлгілері дефилесі.

5.«Қолды жуу техникасы» флешмоб.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!