Кентау колледжі білім алушыларына дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің теріс пиғылды ағымдардың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстары өткізілді.Түсіндірме жұмыстарын Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің дінтанушы теолог маманы Абдирахман Бауыржан Абдирахманұлы жасады.
Мақсаты: Студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру, заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру. Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Кездесу барысында «Деструктивті діни ағым мүшелерінің портреті»,«Діни қызмет және діни бірлестіктері туралы» тақырыптарында бүктемелер таратылды.
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/501-destruktivti-dini-a-ym-m-shelerini-portreti-dini-yzmet-zh-ne-dini-birlestikteri-turaly.html#sigFreeId35aba37755