Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесіне арналған Кентау колледжінде “Қош келдің- Әз Наурыз!” онкүндік мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес “Наурыз- ұлттық дәстүр мен меймандостықтың мерекесі” акциясы аясында ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Салтым-асыл қазынам» атты М-22-2 тобы мен топ кураторы  А.М.Джунусбекова дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрлерміз жайлы әңгіме өрбіді.

Мақсаты: Қазақ халқының салт дәстүрі мен әдет-ғұрпын студенттердің бойына сіңіру, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту; ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу; студенттердің өз отбасына, халқына, ұлтына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!