Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесіне арналған Кентау колледжінде “Қош келдің- Әз Наурыз!” онкүндік мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес  «Наурыз- жақсылықтың жаршысы» акциясы аясында «Саналы ұрпақ» мүшелері «Үлкендер жолы- ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты тақырыпта колледжіміздің ардагер ұстаздары Утемисова Сәуле және  Қонысбекова  Ұлтуар апайларды Наурыз мерекесімен құттықтап қайтты.

Көпшіліктің адамы болыңыз,- деп әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, кішіге ізеттігін аямайтын ардагерлеріміздің орны ерекше. Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен ардагер ұстаздарымыз  жас ұрпаққа Ниеттерің ақ болсын, Наурыздың ақша қарындай! Бастарыңа бақ қонсын, Шашыңның барлық талындай! деп өздерінің ақ батасын берді. Осындай  жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!