14 наурыз - Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.
Ешкім бұл күн ежелгі ерегесін, Ескі кегін қоздырып, ақы алмайды. Өткен жылғы өкпесін, өкінішін, Жаңа жылға арқалап апармайды. Амал күні қазағым көріседі, Көрісу бұл көненің жемісі еді. «Жасың құтты болсын!» деп жамырасып, Ақ ниетпен, адал қол беріседі. Ұлыстың Ұлы Күні Әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!