1.03.2023 ж.күні "Арнайы пәндер" бірлестігінің оқытушысы А.К.Абдуалиева "Жалпы гигиена негіздері және денсаулықты нығайту" пәнінен "Балалар және жасөспірімдер гигиенасы. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен дене дамуы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында "Теңбіл доп", "Тарсия", "Wordwall", "Пазл" білім берудің жаңа әдістері қолданылып, білімалушылар балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын, дене дамуын, денсаулық топтарын білді. Сабақта оқытушы тақырыпты анатомия, физиология пәнімен ұштастырып, көрнекі құралдармен әр түрлі жастардағы балдардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін түсіндірді.

Білімалушылар топпен жұмыс істеуді үйренді. Сабақты қорытындылау мақсатында кері байланыс  жүргізіліп, білімдері бағаланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!