Кентау колледжі жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Б.Изатуллаева білімалушылармен «Суицид- тығырықтан шығар жол емес » атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Суицид туралы ұғымының мәнін түсіндіре отырып, студенттерге адам өмірінің қымбат екендігін зерделету, жаман ойларға, сыртқы әсерлерге берілмеу керектігін ұғындыру.
Дөңгелек үстел барысында білімалушыларға - «Суицид» деген не?, Суицидке ұшырау себептері қандай? Суицидтің неше түрі бар? деген сұрақтар қойылды.
Дөңгелек үстел соңында студенттер Суицидтің алдын қалай алуға болатыны жайлы өз ойларымен бөлісті.