Мақсаты:

Студенттерге Ауған соғысы жайлы  мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, студенттерге патриоттық тәрбие беру.

Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Дайрабаев Мырзахмет Нұрлыбайұлы, Мұсаев Әлімжан Алибаевич, Рамаев Махмуд Рустемович Ауған соғысы ардагерлері қатысты. Кездесу Мемлекеттік Әнұранмен басталып, сұрапыл соғыста қаза тапқан ардагерлерге 1 минут үнсіздік жарияланды.

Кездесу барысында ардагер ағаларға сұрақтар қойылып, көрініс, ән, бимен жалғасын тапты.

Алғашқы әскери және техникалық дайындық пәнінен студенттер жылдамдыққа автоматты бөлшектеу және жинақтау және де ОЗК (жалып әскери қорғаныс киімі) киімін киіп көрсетті.

Кездесу соңында ардагерлер колледж білімалушыларына әскери тіркеу билетін табыстады.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!