Кентау колледжінде психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәнінің оқытушысы Г.Ж.Дауылбаева Е-21-2 тобының білімалушыларымен бірге аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу мақсатында “Өмір - қымбатсың маған” атты тренинг өткізді.
Мақсаты: Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым - қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез - құлықтарын қалыптастыру.
Тренинг барысында студенттермен бірге “шар жару” ойыны ойнатылды. Яғни ол ойынның мақсаты адам ішіндегі ашу ызасын, ренішін сол шарға жинап, содан сон ол шарды жарып ішіндегі ашу - ызасын, ренішін солай шығарып тастау.
Келесі кезекте “Мен саған жақсы тілек тілеймін” атты тренинг өткізілді. Оның мақсаты бір студентті ортаға шығарып оған жақсы тілек тілеу мақсатында өткізілді.
https://medkolledjkentay.kz/kz/kolledzhe-2/463-mir-ymbatsy-ma-an-atty-trening-tkizdi.html#sigFreeId1823532299