Кентау колледжінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен әлімжеттіктің алдын алу бойынша “Жасөспірімдер тәрбиесі- баршаға ортақ міндет” атты Кентау ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Бектибаев Алмас Нурмаханұлы колледж инспекторымен Кентау колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Б.Моминовамен профилактикалық түсіндірме жұмыстары өтті. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін  құқықтық білімді жетілдіру керек. Құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенін ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды.Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.