Кентау колледжінде “Жайдарлы жастар” атты колледжішілік 1,2 курстар арасында қалалық жайдарманға іріктеу өткізілді.

Мақсаты:Жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, жеке тұлға ретінде қалыптасып, өз ойын анық әрі нақты жеткізуге, ортада өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.

Білімалушылар ішінен

“Сұлу қыздар”, “Жер жара”, “MedStars” атты топтар өз өнерлерін көрсетті.Осы топтарға өз бағасын беруге

Кентау қалалық жастар ресурстық орталығы “Талантты жастарды қолдау, талдау және БАҚ-мен жұмыс” бөлімінің басшысы Ж.Әбдірахман, Жастар ресурстық орталығының “Жастарға қызмет көрсету” бөлімінің басшысы Е. Жамал,

Қала белсендісі Н. Мұртаза, Кентау колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э. Моминова әділ қазылық жасады. Қалалық жайдарманға “Жер жарар” тобы жолдама алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!