16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай қала әкімі Ж. Тасовтың Алғыс хатымен Кентау колледжі бас есепшісі Марина Мукановна, Колледж әдіскері Алия Мырзахметовна, арнайы пәндер оқытушысы Назира Рахматуллаевна бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен қазақ елі көптеген толағай табыстарға жетті.Еліміздің қоғамдық- саяси өміріне белсене араласып, мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстанды" құру жолындағы бастамаларын іске асыруға қомақты үлес қосқаны үшін марапатталды. Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!