Кентау колледжінде Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне орайластырылған «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» атты ұлттық бағдарламасы аясында зум платформасы арқылы вебинар өтті. Вебинар спикері Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері

Молдабаева Айжан Мәдіханқызы « Темекіні қолданудың экологиялық салдары» және «Темекі, планетаның улануы» жайлы ақпарат берді. Вебинарға қатысқан колледж студенттері

« Зиянды әдеттерге жоқ дейміз!» деген ребустар шешті. Вебинар соңында сұрақтар қойылып, талқыланды. Біздің салауатты денсаулығымыз болашақ біздің жарқын байлығымыз деп қортындылады.