Кентау колледжінде "Желбірей бер Тәуелсіздік ақ таңы!" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

- Студенттердің туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Іс-шара қонақтары желтоқсаншылар Қазақ тілі қоғамының жанынан құрылған Желтоқсан - 86 ұйымының төрайымы Асымбекова Рысты Мурзақызы, Базарбаев Мұхтар Мырзағалиұлы, Даниярова Базаркул Аубакирқызы, Бекжигитова Фарида Насырқызы қатысты.

Іс-шара барысында Тәуелсіздік күніне арналған жыр-шумақтары мен Желтоқсан оқиғасына байланысты көрініс көрсетілді.

Тәуелсіздік ақ таңы желбірей берсін!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!