Өтілген орны : Түркістан қ., Ақ жайық музыкалық мектебі, Түркістан жоғарғы медициналық колледжі

Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ –нің ұйымдастырылуымен өтілген 30.05.-3.06.22ж. күндер аралықта бірнеше  құзіреттілігі бойынша «WorldskiilsTurkistan-2022» облыстық чемпионаты ұйымдастырылып өтті. Оның ішінде Кентау колледжінен     «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша жетекші ретінде Бабанова Назира, Джунусбекова Алия, Омар Жадыра дайындаған  Абдуллаева Дильнораны қатыстырып өтті. «WorldSkillsTurkistan-2022» -нің 1-ші күні чемпионаттың ашылу салтанатына Кентау колледжінен 7 студент барып өз қолдарынан жасалған көрмелерін ұсынып, колледждің ақ жалауын шеруге алып шыққан болатын. Чемпионаттың 2, 3, 4  күндері  Кентау колледжінің атынан шыққан  Абдуллаева Дильнора 1,2,3 кезеңнен өтіптеориялық және тәжірибелік іс дағдыларын көрсете білді. Чемпионаттың  5-күні Түркістан қаласы «Ақ жайық» музыкалық мектебінде «WorldSkillsTurkistan-2022» облыстық чемпионатының марапаттау рәсімі өтілді.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!