Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің ұйымдастыруымен Кентау қаласында "Ел бірлігін қамтамасыз ету, ұлттар мен ұлыстар татулығы" тақырыбындағы іс-шаралар аясында "Халықтар Достығы" этнофестивальі өтті.

Этнофестивальдың мақсаты:

- Халық теңдігін, бірлігін, ұлтаралық қарым-қатынастарының құндылықтарын насихаттау, дәріптеу. Ұлттар мен ұлыстар татулығын дәріптеу.

- Кентау қаласындағы ұлттардың татулығын, ауыз біршілігін нығайту мақсатында насихаттау.

- Тұрғындар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, ұлттық құндылықтарды насихаттар, ынтымақ, бірлікке баулу.

Кентау колледжінің студенттері этнофестивальде өзбек ұлтының дәстүрін қазақ ұлтының дәстүрімен ұштастыра отырып, өзбек ұлтының мәдениетін, қол өнерін, ұлттық тағамдарын, өнерін, ұлттық киімдерін жоғары дәрежеде дәріптеп бас жүлдені иеленді. Кентау колледжі марапаттарыңыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!