18 қараша күні Кентау қала әкімінің орынбасары А.Н.Байболова Колледж директоры Жумабаева Карлыгаш Амангельдыевнаны Қазақстан Республикасына қосқан ұзақ жылғы елеулі еңбегі үшін "100 жаңа есім" төс белгісімен марапаттады.

Өмірде қандай мамандық таңдаса да, қай салада қызмет етсе де, адамдық қасиет бәрінен жоғары тұратыны даусыз. Қоғамда білікті де білімді өз ісінің шебері болуымен қатар, елге пайдаңды тигізер тұлға болу да ғанибет. Үлкен батылдық пен қайсарлықты бойына сіңірген Жумабаева Карлыгаш Амангельдыевна - өмірін ұстаздық пен ғылымға қатар арнаған жан.

Көптеген шәкірт тәрбиелеп, үлкен өмірге бағыт берген тәжірибелі тәлімгердің қажырлы еңбегін әріптестері де үнемі ізденуге, жетістіктерге жетуге баулып отыратын ұлағатты жан ретінде бағалайды, қарапайым да қамқор, үйренуден және үйретуден жалықпайтын басшы. Марапатыңыз құтты болсын құрметті Жумабаева Карлыгаш Амангельдыевна

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!