Кентау колледжінде Халықаралық студенттер күніне орай "Happy Student's day. Welcome party 2022" мерекелік іс-шарасы өтілді.

Мерекелік іс-шараға Кентау қала әкімінің орынбасары А.Н.Байболова колледж білім алушыларын студенттер күнімен құттықтап, сынақ кітапшаларын табыстады.

Колледж директоры К.А.Жумабаева белсенді студенттерді арнайы мақтау қағазымен марапаттап, студенттерге сәттілік тіледі.

Халықаралық студенттер күні. Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырып, естен кетпес естеліктер мен қуаныштарға толы болсын.