Студенттік парламенттің 2022-2023  оқу жылының президенті сайланып, құрамы жасақталды.

Студенттік парламент «Өзін өзі басқару ұйымы» ережелері мен міндеті, жұмыс тәртібі мен талаптарын анықтайды және жұмыс жасау жүйесі үшін ұсынылады. Студенттік парламенттің мақсаты: жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру, өз Отанын шынайы сүюге, азаматтық патриотизмге баулу, Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу, жастардың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру.

2022-2023 оқу жылында  Студенттік парламент  «Өзін өзі басқару ұйымы» президенті болып, Е-22У-1 тобының студенті Жүніс Ғалия сайланды. Білім министрі болып Е-21-1 тобының студенті Жұмашбайқызы Нұрәсем. Тәртіп министрі  М-21У-2 тобының студенті Юсупова Марьям. Ақпараттық талдау және қоғамдық даму министрі Фм-22у-1 тобының студенті Абсадыкова Нигара. Спорт министрі Е-20-1 тобының студенті Маратов Бағдәулет. Мәдениет министрі Е-21у-1 Ергешова Интизор тағайындалды.

Студенттік парламент «Өзін өзі басқару ұйымы» колледж білім алушыларына жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!