Қызығы мен шыжығы мол студенттік кездер талай әдемі де әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырары қақ. Сәні мен салтанаты мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17 қараша Халықаралық студенттер күні! Осы аталмыш мерекемен ЖШС "Кентау колледжі" студенттерін шын жүректен құттықтаймыз

Кентау колледжінің түлегі, атақты блогер @nnnurdaylet колледждің студенттерін Студенттер күнімен арнайылап келіп, құттықтап кетті.

Студенттік өмір -  адамның жастық қуаты тасып, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, жоғары бағаларға ие болып, студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. Сіздерге алда білімнің жаңа шыңдарын игеріп, бірегей жаңалықтар ашу тұр. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!