Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырумен кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында Кентау колледжінде 15 қараша күні "Жұмыс беруші күні" іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында: жұмыс берушілерді колледждің материалды-техникалық базасымен таныстырып, оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша "Press-конференция" өтілді.

Оқу орнымен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бұл іс-шараға түлектерімізге жұмыс беруші болып табылатын мекемелердің басшылары: Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау орталық қалалық ауруханасы" ШЖҚ МКК басшысы Утебаев Асылбек Бакитбекович, Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК басшысы Туманов Канат Махсутович, Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау қалалық емханасы" ШЖҚ МККК басшысы Мырзабеков Гани Бахтиярович, ЖШС "Өркен" басшысы Балабиева Гульшат Рахимовна, Кентау қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығы басшысы Мырзабеков Ербол Ауелбаевич қатысты. Сонымен қатар Кентау колледжінің директоры Жумабаева Карлыгаш Амангельдыевна кадрлар даярлаудағы ынтымақтастық үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының алғыс хатымен марапаттап өтті.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!