Кентау колледжінде "Жалпы білім беру және гуманитарлық пәндер" апталығының жоспарына сәйкес кәсіби шет тілі пәнінің оқытушылары Э.Б.Моминова мен Д.Тлеуханова 2 курс білім алушыларынан құралған 4 топтың арасында "Smart Doctors" атты интеллектуалды сайыс өткізді.

🔸Мақсаты: Елтану бойынша білімдерін саралау, ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыру, ақыл ойы мен шығармашылығын шыңдау.

🔸Сайыс соңында жеңімпаз болған топтар марапатталды.