Кентау қалалық ПБ ЖПҚ-нің ЮПТ КТІЖ-гі полиция аға лейтенанты колледж инспекторы Иманбеков Ғалымжан Аманбаевич және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Моминова Элеонора Бердикуловнаның қатысуымен студенттердің құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстырып, өз құқықтарын қорғауға үйрету, құқықтық білімін тексеру, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу және колледждің ішкі тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатында «Тәртіпсіз ел болмайды-тәртіпке бағынған құл болмайды» атты 1 курс білім алушылар арасында кездесу өткізілді.