Кентау колледжінде 1 қыркүйек Білім күніне "Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық" атты салтанатты іс-шара болып өтті.

Іс-шарамыздың барысында Кентау колледжі директоры Жумабаева Карлыгаш Амангельдыевна 2022-2023 оқу жылының 1 курсқа түскен талапкерлерді жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі ниетін білдірді!

ЖШС "Кентау колледжі" ұжымы баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтайды!

 

Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды. Оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.

Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз. Колледж табалдырығын алғаш аттаған студенттерге сәттілік жолдас болсын! Мереке құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!