Кентау қалалық емханасында ребилитация орталығы үздіксіз жұмыс жасауда. Қала тұрғындарына дәрігердің жолдамасы арқылы МӘМС жүйесі аясында қолжетімді тегін қызмет көрсетілуде. Реабилитация бөлімшесінде физиотерапиялық ем шаралар атап айтқанда, электрофарез, парафин, тұз шахтасы және массаж кабинеті тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында қызмет етеді.

Емханаға ем алуға келген тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан мамандарға тұрғындар қашанда алғыс айтудан жалыққан емес. Сондай алғыстардың бірі массаж кабинетінің массажисті Кентау колледжінің 2021 ж. Емдеу ісі мамандығының түлегі  Болатов Бақдаулетке жолданды. Бақдаулет өзі жұмысқа енді орналасқан жас маман болса да өз ісінің шебері.

Қала тұрғыны Балтабаева Әсел Нәлібайқызы өз алғысын былайша жеткізеді:

«Мен бірнеше жылдардан бері бел остеохандрозынан зардап шегіп келемін. Дәрігерлер берген барлық ем-шараларды үздіксіз қабылдаймын алайда ауру қайта басталады. Соңғы тексерістен кейін өзімнің учаскелік дәрігерім емханада ашылған реабилитация бөлімшесіне массаж кабинетіне жолдама берді. Бастапқыда сенімсіздікпен барған едім. Алайда, Бақдаулет есімді жігіт өзінің жылы сөздерімен және біліктілігімен дертіме шипа сыйлады. Осы массажды жастқалы бері менің ауруым жеңілдеп, айығып, жан тыныштығын тапқандаймын. Осы бөлімшені басқарып отырған бейінді мамандар бөлімінің меңгерушісі Оспан Хусайынұлына және бөлімнің аға мейірбикесі Төлегенова Рахат Даулетярқызына және Бақдаулет пен оның ата-анасына шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!»

Кентау қалалық емханасының әрбір мамандары қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолында үздіксіз қызмет етуге әзір. Тұрғындардың денсаулығы біздің басты байлығымыз!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!