Кентау колледжінде 2021-2022 оқу жылының бітіруші түлектер диплом беру рәсімі өтті. Колледж директоры К.А. Жумабаева «Жас бітіруші түлектерге» осынау салтанатты сәтпен құттықтап, ата - аналарды Алғыс хат пен, түлектерді оқуды үздік аяқтап, оқу орнымыздың қоғамдық өміріне белсене араласқан, болашақ маман диплом иегерлерін арнайы Мақтау қағаздарымен марапаттады. Тәуелсіз Қазақстанның жас патриот азаматы ретінде еліміздің дамуы мен өркендеуі үшін барлық мақсаттарын жүзеге асыру жолында, алған білімі мен тәжірибесі арқылы аянбай еңбек етіп, білікті маман болады деген сеніміміз мол! Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан  Жас Түлектер қадамдарыңа нұр жаусын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!