Кентау қаласында орта арнаулы білім беру студенттерінің арасында өткізілген қалалық универсиада 2022 ге Кентау колледжінің студенттері қатысып, жалпы командалық есепте 3 орын, ерлер арасындағы волейболдан 3 орын, қыздар арасындағы волейболдан 2 орын, ұлдар арасындағы шахмат жарысынан 1 орын, қыздар арасындағы тоғызқұмалақ жарысынан 2 орын, ерлер арасындағы тоғызқұмалақ жарысынан 2 орын, үстел теннисі жарысынан 2 орын, қыздар арасындағы шахмат жарысынан 3 орын алғаны үшін Кентау қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар колледж оқытушысы Аримбеков Жүніс Курманалиевич Кентау қаласының әкімі Р.Аюповтың алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!