Кентау колледжінде 2021-2022 оқу жылындағы 1 курс студенттерімен 18-22 сәуір аралығында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен оқу дала жиыны өтілуде. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушысы Аримбеков Ж. студенттерді сапқа тұрғызып күн тәртібі кестесімен таныстырды.

Қыз балаларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету шаралары түсіндіріліп, көрсетілді. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: таңғыш тағу, қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу, жүрекке жабық массаж жасау.

Оқу дала жиынының мақсаты: отан сүйгіштікке, елін қорғап, қастерлеуге бағытталады. Жас сарбаздар оқу дала жиынында автомат шашу, жинаудан және мылтық атудан, күшін сынау үшін турникке тартылудан сайыстарға қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!