Колледжіміздің түлегі Медеуов Нұрлан Серікұлы 2009 жылғы 0401002 Емдеу ісі мамандығы, фельдшер біліктілігімен білім беру ұйымын тәмәмдаған.Қазіргі таңда Кентау қалалық орталық ауруханасында Хирургия, реанимация бөлімінде жұмыс істейді.2020 жылы елімізде ковид пандемиясы кезінде, аянбай еңбек еткені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша Медеуов Нұрлан Серікұлы «Халық алғысы» мерекелік медалімен наградталды.Түлегіміздің жетістігіне өте қуаныштымыз! Шәкірттеріміз осылай әрқашанда қуанта берсін!

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!