12 сәуір еліміздің ғылым қызметкерлер күнін атап өту және Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай, Кентау колледжінде ғалым, ұстаз, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Омаралиев Мустафа Исрафилович пен "Мейіргер ісі" мамандығы М-20-1 тобының студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесуде студенттердің ғылымға деген құштарлықтары артып, қызығушылықтары ашылды.

Омаралиев М.И. "Үздік педагог 2020" төс белгісімен және 1 дәрежелі дипломымен, "Яссауи жылы" медалімен, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Министр А.Аймағамбетовтың алғыс хатымен марапатталған. Ғалымның Нақты қадам, кемелденген білім, табысты нәтиже 100 жаңа есім энциклопедиясында есімі жарияланған. Анатомия ғылымына байланысты бірнеше кітабы жарық көрген.

Қазіргі таңда Омаралиев М.И. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Анатомия" факультетінің меңгерушісі және Кентау колледжінде анатомия пәнінің оқытушысы қызметін атқарады.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!