Кентау колледжінде 1,2 курс студенттерінің қатысуымен ежелгі дәстүрлерді көрсете отыра, мерекелік шара – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аталып өтті.

Іс-шарамызда колледжіміздің ардагер ұстаздары Жүсіпов Өмірбек Сейдалиевич пен Қонысбекова Ұлтуар апайымыз қадірлі қонағы болды.

Студенттер дәстүрлі қазақ билерін, әндерін көрсете отыра,  мерекелік концерт ұйымдастырды Гүлдену мен молшылықты бейнелейтін ұлттық тағамдар қойылған дастархан жайылды. Наурыз мерекесі өте сәтті өткенін атап айту керек: көңілді және қуанышты көңіл-күй ешкімді бей-жай қалдырмады, мерекенің әрбір қатысушысының рухында көктемді оятты

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!