Кентау колледжінің"Алаш" дебат клубының мүшелері арасында "Экологияға антропогендік күштердің әсері" атты тақырыпта ой-бөліс, пікірталас, дебат өткізілді. Антропогендік факторлар, бұл – адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, қоршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар. Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүние жүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқа­ратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалык, ионосфералық және басқа) жүйелер жүргізеді.