Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына орай «Дара тұлға» көркем сөз оқу шеберлері қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты жастарды өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухта тәрбиелеу және көркем сөз оқу өнерін дамыту, қазақтың бір туар ақыны, алаш зиялысы А.Байтұрсынұлының шығармаларын халық арасында кеңінен насихаттап, жас талант иелерін анықтау. Байқауға колледж 1 курс білім алушылары қатысып, М-21-1 тобының студенті Орынбасар Шапағат «Ұлттық өнерді насихаттаушы»  номинациясымен, Е-21-1 тобының студенті Тасболат Жадыра арнайы дипломмен марапатталды.

Шығармашылықтарың шыңдала  берсін!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!