Кентау колледжінде 1 курс  білім алушылар арасында Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологтары Тағай Айбекпен Мухитов Фарух және ішкі саясат бөлімінің статисті А.Абдиеваның қатысуымен «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу»  тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – жастарға дін жайында ақпарат беру, олардың теріс ағымдардың ықпал етуінің алдын алу.

 

Кездесу барысында дінтанушы-теолог ислам діні және қазіргі қоғамдағы дін мәселелері туралы сөз қозғады. Студенттер өздеріне осы тақырыптағы көптеген пайдалы ақпаратпен танысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Ақорда Жарлығында: «2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын! Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген.

Президент осыған дейін:
«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деген еді.

Ал еңбек адамы деген кім?
Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам – еңбек адамы! Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі!